ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Еліміздегі ең жас волонтер Алматы облысында тұрады

Еліміздегі ең жас волонтер Алматы облысында тұрады

«Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ең мейірімді» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Аталған байқаудың «Ең мейірімді волонтер» аталымы бойынша, «Жана дүние» қоғамдық қоры (Алматы қаласы) I орын алды.

II орынды Алматы облысында тұратын жас волонтер Санжар Ілиясов иеленсе, жүлделі III орын CCI Kazakhstan («ТОО СП Кока-Кола Алматы Боттлерс») компаниясына бұйырды.

Айта кетейік осы жобадағы ең жас «мейірімді волонтер» Санжар Салихатұлы 2005 жылы туған. Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан политехникалық колледжінің 2-курс студенті.

Ол «Біз біргеміз!», «Ерікті болу – ерлік», «2020 жыл – еріктілер жылы», «Таза қала» акцияларына пандемия кезінде және қазір де қатысып, өз қатарластарына үлгі болып жүр.

«Еріктілер деген кім? Еріктілер - қоғамның қозғаушы қуаты. Сонымен қатар жасаған жақсылығы мен атқарған жұмысы үшін ақы сұрамайтын жандар. Мен әрдайым қолдан келген көмегімді елден аямаймын, елге көмектессем жаным жадырайды. Біз ұстаздарымыздың жетекшілігімен Сарқан қаласының ардагерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектесіп, қала көшелерін абаттандыру, тазалау жұмысына белсене қатысып келеміз. Ерікті болу – жүректің қалауы. Қарт адамдарға, жартылай жетім, мүгедек адамның мұқтаждығын түсініп, бір жағына шығысып көмектесуді - борышым деп білемін», - дейді Санжар.

Автор
Нұрсұлтан