Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев вице-президент Құрылтай жасақталып болған соң сайланатынын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Әшімбаевтың айтуынша, Қазақстанның вице-президенті қызметіне кімнің тағайындалатыны әзірге белгісіз. Бұл мәселе тек президенттің құзыретінде дейді.
“Бұл жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституциямен реттеледі. Қандай шешім қабылдайтынын мемлекет басшысының өзі айқындайды, бұл оның құзыретіндегі мәселе. Құрылтайдың құрамы жасақталған соң президент тиісті шешім қабылдайды”, –деді Әшімбаев.
Еске салсақ, Құрылтайда Тоқаев Қариннің лауазымын қысқартып, орнына вице-президент қызметін енгізуді ұсынған еді. Ал кейін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзіне вице-президент лауазымы ұсынылуы мүмкін бе деген әңгімелерге қатысты пікір білдірген.