Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Елімізде құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл болмақ

Елімізде құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл болмақ
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар “Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Конституциялық заң жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Құрылтай құрамына 145 депутат кіретінін айтты.

“Құрылтай құрамын 145 депутат қалыптастырады. Олардың өкілеттік мерзімін 5 жыл деп белгілеу ұсынылып отыр”, – деді депутат.

Оған қоса Құрылтай құрамында 8 бейінді комитет құру жоспарланып отыр. Сонымен қатар Конституциялық заң деңгейінде алғаш рет Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес туралы нормаларды бекіту ұсынылды.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазақстан Республикасының президенті туралы" жаңа Конституциялық заңда не өзгеретіні айтылғаны туралы жазған едік. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.