Құрылтай депутаттарының айлық жалақысы еңбек өтіліне қарай 600 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін белгіленеді. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева брифингте айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның мәлімдеуінше, депутаттың еңбек өтілі неғұрлым ұзақ болса, еңбекақысы да соғұрлым жоғары болады. Еңбек өтілі көп депутаттардың жалақысы 1 миллион теңгеге дейін жетеді.
Сонымен қатар Құрылтай мүшелеріне арналған әдеп нормалары бекітілген. Белгіленген талаптарды бұзған депутатқа бір күндік жалақысы көлемінде санкция қолданылуы мүмкін.
Мәселен, айына 600 мың теңге алатын депутаттың бір күндік жалақысы шамамен 29 мың теңге болса, 1 миллион теңге алатын депутат үшін бұл сома 48 мың теңгеге жуық.
Яғни әдеп талаптарын бұзу депутаттың бір күндік еңбекақысынан айырылуына әкелуі мүмкін.