9 қазаннан бастап мектепте телефон пайдаланудың жаңа тәртібі күшіне енеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Елімізде карантин салдарынан қанша адам жұмыссыз қалды? - Қазақстан жаңалықтары

Елімізде карантин салдарынан қанша адам жұмыссыз қалды? - Қазақстан жаңалықтары

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ақмәди Сарбасов елімізде карантин мен төтенше жағдайдың салдарынан қанша адам жұмыссыз қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Шектеу шаралары қолданыста болған кезең ішінде тіркелген жұмысссыздар саны 120 мыңнан 170 мыңға дейін жетті", - деді вице-министр.

Бұған қоса ол осы жағдайға байланысты мемлекет тарапынан жұмыссыздарға төленетін төлем де артқанын алға тартты. 

"Яғни, егер азамат жұмыссыз қалса, онда ол 6 ай бойы кірісінің 40 пайызын алып отыруға құқылы. Бүгінгі күні мұндай адамдардың саны 34 мыңнан асып жығылды. Бұл Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарына осы уақытқа дейін жүгініп үлгергендер", - деп қосты Сарбасов. 

Еске салайық, бұған дейін министр орынбасары кейбір азаматтарға неліктен 42 500 берілмегенін атап өткен еді. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан