Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Елеусінов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді (ВИДЕО)

Елеусінов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді (ВИДЕО)

Чемпиондық титул үшін өткен жекпе-жек он екі раундқа созылды. Төрешілер жеңісті мексикалық Хуан Карлос Райгосаға берді


Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов орта салмақтағы WBC International чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлады Prosports.kz.

34 жастағы қазақстандық боксшы он екі раундтық жекпе-жекте 30 жастағы мексикалық Хуан Карлос Райгосадан (16-15-3, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Бұл оның кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі.

Бұған дейін ол кәсіпқой рингте 8 рет жеңіске жеткен (7 нокаут) және бір жекпе-жегін тең нәтижемен аяқтаған. Дәурен – Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің туған ағасы.


Елеусінов - Райгоса жекпе-жегі Мехикодағы бокс кеші аясында өтті.

Айта кетейік, осы салмақ дәрежесінде IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) де жұдырықтасады. WBC толыққанды титулын америкалық Джермалл Чарло (30-0, 22 КО) жеңіп алған.


Автор
Айбар