"Өзіміздікі - өндірістікі": 83 тауар түрі бойынша импорттың үлесі азайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Елена Рыбакина баспасөз мәслихатын кейінге шегерді: теннисшінің денсаулығына қатысты алаңдаушылық бар

Елена Рыбакина баспасөз мәслихатын кейінге шегерді: теннисшінің денсаулығына қатысты алаңдаушылық бар
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өзін жайсыз сезінуіне байланысты Индиан-Уэллсте WTA қорытынды турнирі қарсаңында өтуі тиіс баспасөз мәслихатын кейінге қалдырды, деп Sports.kz жазды.

Қазақстандық спортшының денсаулығына қатысты жағдайға Yahoo Sports басылымы да назар аударған. Мақала авторының пікірінше, Рыбакинаның физикалық жағдайы жанкүйерлерді алаңдатып отыр, деп хабарлайды kznews.kz

Басылымның жазуынша, теннисші соңғы уақытта аллергиядан, аяқ басындағы жарақаттың салдарынан туындаған қиындықтардан және өткен аптада Жапониядағы турнир кезінде мойнын жарақаттап алуынан зардап шеккен.

— Жанкүйерлер Рыбакинаның WTA қорытынды турниріне қатыса алмай қалуы мүмкін деп алаңдайды. Былтырғы турнирдің қазіргі чемпионы жексенбі күні Уимблдон жеңімпазы Линда Носковамен кездесуі керек. Егер Рыбакина кортқа шыға алмаса, оның орнына украиналық Марта Костюк қатысады. Костюк те жыл бойы түрлі жарақаттармен күрескенімен, мансабындағы ең үздік нәтижелеріне қол жеткізді, — деп жазды Yahoo Sports.

Айта кетейік, Елена Рыбакинаның Линда Носковаға қарсы алғашқы кездесуі 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні өтеді деп жоспарланған.

Бұған дейін WTA қорытынды турнирінде Елена Рыбакинамен бір топта өнер көрсететін қарсыластары анықталған болатын.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.