"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Рыбакина Токио турнирінің жартылай финалында ойнаудан бас тартты

Рыбакина Токио турнирінің жартылай финалында ойнаудан бас тартты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Жапония астанасы Токиодағы WTA 500 турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Kznews.kz

Рыбакина денсаулығына байланысты жартылай финалда әлемнің 17-ракеткасы, чехиялық Линда Носковамен ойнаудан бас тартты. Бұл туралы WTA хабарлады.

– Бүгін ойнай алмайтыным өте өкінішті. Осы аптада арқамда мәселелер болды, сондықтан 100% өнер көрсете алмаймын. Бүгін мені жанкүйерлерім көре алмайтынына қапалымын, бірақ келесі жылы мені көреді деп үміттенемін, - деді Рыбакина.

Осылайша, Л.Носкова жартылай финалда ойнамастан, ақтық сынға жолдама алды. Ол соңғы бәсекеде әлемнің 13-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчич немесе рейтингіде 25-орындағы америкалық София Кенин арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. 

Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина 1-8 қарашада Эр-Риядта өтетін WTA қорытынды турниріне жолдама алған еді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.