Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Елена Рыбакина әлем чемпионатына қатыспайды

Елена Рыбакина әлем чемпионатына қатыспайды
Фото:ҚТФ

Қазақстан теннис федерациясы әлем чемпионатына қатысатын әйелдер құрамасының тізімін жариялады. Алайда бұл тізімде әлемнің үшінші, қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның есімі жоқ, деп хабарлайды kznews.kz.

Тізім жарияланғаннан кейін жанкүйерлердің көбі оның өз елімізде өтетін матчқа қатыспайтынына наразылық білдірді.

“Өз жерімізде болатын турнирге неге Елена Рыбакина қатыспайды? Залдың бәрі бос болады деп ойлай беріңіздер. Мен бұл матчқа билетті Елена Рыбакина үшін сатып алдым ғой”, “Рыбакина қайда?  Канадалық Мбоконің өзі турнирлерден демалыс алып, келгелі жатыр. Сонда біздің Рыбакина демалыс ала алмай ма? Өкінішті! Біз сол үшін билеттер сатып алып едік”, Рыбакина әдеттегідей маңызды матчтарда қатыспайды”, “Рыбакина қайда?! Олай болмады ғой. Құрама үшін бір рет ойнайды. Одан кейін бірнеше жыл ойнамайды. Құрама ел үшін құрметсіздік деп білемін. Бұл қашанға дейін жалғасады?!”, – деп жазуда жанкүйерлер.

10-11 сәуір күндері әлем чемпионаты аясында Астана қаласында Қазақстан Канада құрамасына қарсы матч өткізеді.

Қазақстан құрамасынан ел намысын қорғайтын теннисшілер:

 Юлия Путинцева

 Анна Данилина

 Жібек Құламбаева

Соня Жиенбаева

Аружан Сағандықова

Канада құрамасы мына теннисшілерден жасақталған:

 Виктория Мбоко

 Марина Стакушич

 Бьянка Андрееску

 Кайла Гросс

* Габи Дабровски

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2024 жылы төрт жылдықтың басты додасы Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқан еді. Кейін ол ауруының асқынуа байланысты Олимпиадаға қатыса алмағандығын айтқан. Ал  Елена Рыбакина не себепті әлем чемпионатына қатыспайтыны әзірге белгісіз. 

Қазақстан мен Канада арасындағы матч қос құрама үшін де маңызды ойын болмақ. Себебі командалардың нәтижелері келесі кезеңге жолдама алуына септігін тигізеді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.