Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып келеді – Мамин 

Елде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып келеді – Мамин 

Елімізде барлығы 4 121 адамда коронавирус расталды. 1 173 науқас дертінен айықты, 29 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Байқап отырғанымыздай, елімізде коронавирустың таралуына қатысты жағдай тұрақталып келеді. Осы үдерісті сақтау керек", - деді Мамин үкімет отырысында. 

Айтуынша, бұл карантиндік шараларды одан әрі жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

5 мамыр 10:00-дегі жағдай бойынша елімізде барлығы 4 121 адамда коронавирус расталды. 

Алматы қаласы – 1 335, Нұр-Сұлтан қаласы – 723, Қызылорда облысы – 216, Шымкент қаласы – 215, Атырау облысы – 202, БҚО – 198, Ақтөбе облысы – 160, Қарағанды облысы – 159, Жамбыл облысы – 158, Алматы облысы – 156, Түркістан облысы – 154, Павлодар облысы – 150, Ақмола облысы – 101, Маңғыстау облысы – 84, Қостанай облысы – 50, СҚО – 30, ШҚО – 30.

1 173 науқас дертінен айықты, 29 адам қайтыс болды.


sputniknews.kz
Автор
Данияр