Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елбасына арналған өлең шумақтары, тақпақ

Елбасына арналған өлең шумақтары, тақпақ
Қызыл тіл сөйле десе, сайрай түскен,
Шындықты жырлай берем тынбай іштен.
Жыр - дода дегенде мен дәуірлеймін,
Жорға тілді қалдырмай заңғар көштен.

Қазақта өлең деген жауһары бар,
Өлеңде арнау деген гауһары бар.
«Мен - қазақ» деген әрбір текті ұлдың
Жақсыға арнау айтар қауқары бар.

Жырласаң, жақсылықты жырла, тілім!
Жақсыға ашылады көңіл гүлім!
Кешегі Абылайлар ізін басқан.
Елбасыға арналар бүгін жырым.

Үшқоңыр баурайының белінде өскен,
Әбіштей әкесі әділ өмір кешкен.
Нұр - аға халық үшін жасар істің
Бәрін де бесенеден біліп өскен.

Жас елдің желбіретіп туын көкке,
Жанарын жас Нұрсұлтан тіккен өрге.
Сол сәттен қазақ деген ұлы елдің
Бақыты мамыражай шөккен көкте.

Далаға қала салды. Қарыштатты.
Өйткені, есіл ер ғой, намыс қатты!
Солшылдық саясатты жою үшін
Көненің жамандығын жаныштатты.

Қазақта Абай деген ақын адам,
Даналық даңғылында хәкім адам!
Абайды сүйіп өскен, әлем білген
Елбасы – өз еліне жақын адам!!!

Автор
Бауыржан