Жантілек Нұртілепұлы «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазы атанды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Экс-депутат Бақытжан Базарбек басқарған көлік 36 жастағы ер адамды қағып кетті деген ақпарат тарады

Экс-депутат Бақытжан Базарбек басқарған көлік 36 жастағы ер адамды қағып кетті деген ақпарат тарады
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында жол-көлік оқиғасы болып, 36 жастағы ер адам зардап шекті, деп хабарлайды kznews.kz.«HALYQSTAN» Telegram арнасына сілтемемен.
Оқиға кеше кешке «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жолда көлік пен сиыр соқтығысқан. Осыдан кейін бірнеше ер адам жолдың үстінде қалған малды қауіпсіз жерге шығармақ болған. Сол сәтте олардың бірін Toyota RAV4 көлігі қағып кеткен.
Көлікті бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек басқарған болуы мүмкін деген ақпарат тарады.
Зардап шеккен 36 жастағы ер адам аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Оған жабық бас-ми жарақаты, миының соғылуы, жабық пневмоторакс, білектің жабық сынуы және жіліншіктің ашық сынуы диагноздары қойылған.
Ауруханаға түскен кезде ер адам травматикалық шоктың бірінші дәрежесінде болған.
Қазіргі уақытта жол апатына қатысты полицияның ресми түсініктемесі әзірге жоқ. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.