KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Эко арқылы бала сүю”: Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығымен бөлісті

• Айжан Сыланова
Фото: ult.kz

Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқан көптен бері бала сүюді армандап жүрген бір отбасыға қолдау көрсетпек. Өнер иесі ерлі-зайыптылардың экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) бағдарламасына қатысты барлық шығынын өз мойнына алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі сәби сүйгісі келетін отбасының арманына қол жеткізуіне себепкер болуды ниет еткенін жеткізді.

«Шын мәнінде, қазір қатты толқып тұрмын. Алла Тағала жүрегіме осындай белгі салды. Барлық халықтың арқасы ғой. Халық батасын беріп жатыр, халық бізді көтермелеп жатыр. Мен де осы халыққа жақсылық жасай аламын ба деп ойлап, Алладан бала тілеп жүрген бір отбасының балалы болуына себепкер болсам деген ниетім бар», – деді Мөлдір Мұқан.

Әншінің бұл бастамасы сәби сүюді көптен бері күтіп жүрген отбасыларға үміт сыйлайтын игі қадам болмақ. ЭКО бағдарламасы кейбір отбасылар үшін қаржылық тұрғыдан қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан ем-домға қажетті шығынды өтеу олардың ата-ана атану жолындағы мүмкіндігін арттыруға көмектеседі.

Мөлдір Мұқанның айтуынша, бұл шешіміне халықтың ықыласы мен батасы түрткі болған. Өнер иесі өзі алған қолдауды өзгелерге жақсылық жасау арқылы қайтарғысы келетінін аңғартты.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →