"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Екібастұзда подъездерге бейнебақылау камералары орнатылады

Екібастұзда подъездерге бейнебақылау камералары орнатылады
26 Қараша 2018, 13:52 151 0

Фото: pavlodarnews.kz

Астана, BAQ.KZ. Жылдың соңына дейін көпқабатты тұрғын үйлердің 70 подъезіне 140 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, бұл шараны «Бұлтты бейнебақылау» жобасы аясында «Қазақтелеком» АҚ жүзеге асырады.

«Бүгінгі таңда бейнебақылау камералары орнатылатын тұрғын үйлердің тізімі анықталған. Бұған дейін 25 көпқабатты тұрғын үйдің пәтер иелері 40 камера орнатқан болатын», - дейді Нұржан Әшімбетов.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында биылғы жылдың ақпан айында «Ақылды үй» мобильді жобасы іске қосылған. Мұндай жаңашылдық тұрғындарға онлайн режимі арқылы ПИК-терге өтініш беруге, жөндеу жұмыстарының барысымен танысуға мүмкіндік береді.

«ТҮКШ дамыту қоры» АҚ мен «Павлодар жылу желілері» ЖШС, «Авентис групп» ЖШС арасындағы қаржы лизингі келісімшартына сәйкес 2016-2017 жылдары жалпыға ортақ 444 жылу энергиясын өлшеу құрылғысы орнатылған. Қала бойынша барлығы аталған құралдармен 416 тұрғын үй немесе 63 пайызы қамтамасыз етілген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Бауыржан