Ұлыбританияда бала төсекте секіріп жатып, белін сындырып алды. Бұл туралы Daily Record хабарлайды, деп жазады Stan.kz
Әйел баласын ауруханаға бірден алып келді. Рентгеннен баланың сынығы бұралмалы екені, сүйегі екіге бөлініп кеткені анықталды. "Дәрігерлер осылай сан сүйегін сындырып алған адамдар жайлы ешқашан естімеген. Бұл денедегі ең үлкен сүйек және ол қарапайым ғана жолмен сынып кетті. Дәрігерлердің айтуы бойынша, бұл сүйек адамдар аварияға түскенде, батуттан құлағанда, үйде қысым көргенде сынады",— деді шотландиялық әйел.
Алғашында дәрігерлер балада жетілмеген остеогенез, яғни сүйектердің сыңғыш болуын түсіндіретін, туа біткен ауруы бар шығар деп ойлады. Алайда, олардың болжамы шындыққа жанаспады. Дәрігерлер болған жайтты "таза сәтсіздік" ретінде бағалады.
Бала кішкентай болған соң, дәрігерлер ота жасамау туралы шешімге келді. Олар баланы тракционды әдіспен емдеді. Браун үш апта бойы ауруханада жатып, еріктілермен ойын ойнады.
Дәрігерлердің Браунның анасына айтуы бойынша, үлкен адамда сан сүйегі жарты жылда қайта қалпына келеді. Ал Браун екі айдан кейін жүре бастады. Үйге келген соң, бала қайтадан төсекте секіргісі келген. "Ол осы оқиғадан сабақ алды деп ойламаймын. Логикалық байланыс орнату үшін әлі кішкентай", — деді екі жастағы Браунның анасы.
stan.kz