ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Екі қолымды жылы суға батырып отыратын сәтке жеттім” - Айнұр Тұрсынбаева келін түсірді

“Екі қолымды жылы суға батырып отыратын сәтке жеттім” - Айнұр Тұрсынбаева келін түсірді

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева келін түсірді. Бұл туралы kznews.kz сайты хабарлайды.

"Қатты толқып отырмын! Бұл қуанышты бөліспеудің өзі кінә сияқты! Көзімнің ағы мен қарасы, ұлым Бегланым шаңырағымызға келін әкеп жатыр. Ұлымның кішкентай кезінде “қашан өседі?” деп, ержеткенін күтіп, асығатынмын. Келін түсіру деген алыстағы армандай көрінетін. Сөйтсем, уақыттан жүйрік ештеңе жоқ екен ғой. Міне, бүгін келінді болдым. Аппақ келіннің басына ақ орамал тағып, отқа май салғыздық. Әжелеріміз айтпақшы, енді екі қолымды жылы суға салып отыратын сәтке де жеттім. Зымыраған өмір-ай…

Сәби болып құшағымда отырғаның кеше ғана сияқты еді. Ержетіп кеткеніңді байқамай да қалыппын-ау. Бакытты болыңдар! @kbeklan @mdzhanieva ❤️

Ғұмырымның жалғасы ұлым менің,
Әр сәт сайын дұғамда, жырымда едің.
Өз теңінді тапқаның қуандырып,
Еселеді бағымды бүгін менің.

Кеше ғана сәби ең, жүгірмегім,
Сен үшін сынақтарда үгілмедім.
Күні-түні тілеймін Жаратқаннан
Отауыңның бақытқа тігілгенін.

Менің қуанышым сіздерге де жұғысты болсын!", - деп жазба жариялады.


 
Автор
Айбар