KZNEWS.KZ
Әлем

Екі пойыз соқтығысып, 42 адам жарақаттанды

• KZNEWS

Чехияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 42 адам жарақат алды, деп хабарлайды kznews.kz Rzeczpospolita газетіне сілтеме жасап.

Оқиға 20 қараша күні Прага қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 150 шақырым жерде, Ческе-Будеевице маңында болған.

Жедел қызмет өкілі Петр Кафков екі адамның жағдайы ауыр екенін, ал қалғандарының жеңіл жарақат алғанын мәлімдеді.

«Құтқарушылар жарақат алғандардың жағдайын бағалап, қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр»,-деді ол.

Қазіргі уақытта теміржол желісінде қозғалыс тоқтатылған. Қақтығыстың себебі әзірге анықталған жоқ.

KZNEWS
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Автордың басқа материалдары →