Сәтбаевта Кеншілер мен байытушылар күніне орай үлкен мерекелік концерт өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Екі ортада жұдырық балаға тиді”: Астанада балалар алаңында әткеншекке таласқан әйелдер төбелесіп қалды (ВИДЕО)

“Екі ортада жұдырық балаға тиді”: Астанада балалар алаңында әткеншекке таласқан әйелдер төбелесіп қалды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Астанада балалар алаңындағы әткеншекке кезекке тұру мәселесінен екі әйел арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Оқиға кезінде әйелдердің қолында балалары болған. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бейнежазбада екі әйелдің бір-біріне қол жұмсап, шапалақпен ұрып жатқанын көруге болады. Ең көп талқыланған сәттердің бірі – әйелдердің бірінің төбелес кезінде баланың бетінен ұрып жіберуі. Кадрлар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталасқа себеп болды.

Оқиғаға қатысты Астана қаласының полициясы түсініктеме берді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жанжал балалар алаңындағы әткеншекке кезек мәселесіне байланысты туындаған.

«Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, балалар алаңындағы жанжал әткеншекке кезекке тұру мәселесінен туындаған. Соның салдарынан екі әйел бір-біріне дене жарақатын салған», – делінген полиция хабарламасында.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция тараптардың әрекетіне құқықтық баға беріп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.