KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

"Екі буынның тоғысуы": Мақпал Жүнісова мен Тұрар Ыдырыстың дуэті елді таңғалдырды

Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мен 2Rar лақап атымен танылған әнші Тұрар Ыдырыс бір сахнада бас қосып, тыңдарманға тосын дуэт ұсынды. Екі буын өкілінің бірге ән айтып, билеген сәті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz

“Меніңше, бұл тыңдарман үшін күтпеген дуэт болды”, – деп жазды ол.

Кейін Тұрар Ыдырыс та Мақпал Жүнісовамен бірге түскен видеоны өз парақшасына бөлісіп, халық әртісіне деген құрметін білдірді.

“Аңыз адам. Сізді жақсы көремін, Мақпал Жүнісова!” – деп жазды жас әнші.

Көпшілікке әсіресе Мақпал Жүнісованың сахнадағы ширақ қимылы мен энергиясы ұнаған. Желі қолданушылары екі әншінің үйлесіміне тәнті болып, жылы пікірлерін жаудырды.

“Күтпеген коллаборация болды”, “X буыны мен Z буынының тоғысуы. Өте керемет үйлесім!”, “Қандай ғажап дуэт”, “Энергиясы сұмдық”, “Жасы 60-тан асса да, билеуі қандай керемет”, “Нағыз хит болайын деп тұр”, – деп жазды оқырмандар.

Еске салайық, бұған дейін әнші Қайрат Баекенов Валерий Меладземен дуэт орындап, оны таңғалдырғаны хабарланған еді.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →