Жаңалықтар

"Екеуі жарты сағат төбелесті": Ақнәр Гүлістанның өліміне қатысты жаңа дерек жарияланды

"Екеуі жарты сағат төбелесті": Ақнәр Гүлістанның өліміне қатысты жаңа дерек жарияланды
ашық дереккөзден

Алматыда қаза тапқан Ақнәр Гүлістанның өліміне байланысты тергеу жалғасып жатыр. Алайда марқұмның анасы істі Алматыдан Астанаға ауыстырып, тәжірибелі мамандарға тапсыруды талап етуде, деп хабарлайды kznews.kz.

2024 жылдың 20 шілдесінде Ақнәр Гүлістан көпқабатты үйдің терезесінен құлап көз жұмған. Тергеу басталған кезде қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 105-бабы – "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша ашылған. Алайда марқұмның анасы қызының өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес деп есептейді және оның өліміне өзге адамдардың қатысы бар деп санайды.

Оқиға күні Ақнәрдің жанында екі құрбысы – Дидар Мұқият пен Рано Асқар болған. Олар қазір іс бойынша "қорғалуға құқығы бар куә" мәртебесіне ие.

Марқұмның анасы ұсынған жаңа материалдарды тергеу органдары назарға алмағанын заңгер Инга Иманбай мәлімдеді. Оның айтуынша, істің "өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша қаралуы көптеген мән-жайды ескерусіз қалдырып отыр. Заңгер қылмыстық істі "адам өлтіру" немесе "қасақана дене жарақатын келтіру, оның өліміне әкеп соқтыру" бабына ауыстыру қажет дейді.

Ақнәрдің анасы күдіктілердің бірі ретінде қаралған құрбысы Дидар Мұқиятпен кездескен. Сол кездесуде Дидар бұған дейін айтқан сөздерін жоққа шығарып, шындықты айтуға шешім қабылдағанын жеткізген.

"Дидар келіп, "Рано Ақнәрға қолымның ұшын тигізген жоқпын" деген еді, бірақ Ақнәрдің дене жарақаттарын көргеннен кейін ойланып, ақиқатты айтуға келдім. Төбелестің болғаны шындық" деді. Оны кездесейік деп қинаған жоқпын, өз еркімен келді", – деген ол.

Анасының сөзінше, Дидар кездесуге өз еркімен келген.

Кездесуде Дидар Мұқият оқиға болған түні не болғанын былайша баяндаған:

"Дәретханада қорқып отырдым. Бір уақытта үйдің іші тып-тыныш болып қалады. Ақырын шықтым. Есікті қағып, "Ақнәр, Рано, шығыңдаршы» дедім. Рано ашты. "Ақнәр қайда?" деп сұрадым. "Білмеймін" деп жауап берді. Сол кезде полиция келіп қалды. Екеуі 20 минут, жарты сағаттай төбелесті", – деп айтқан Дидар.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz