Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Екеуі де қаза болды: Алматыда әйелін құтқармақшы болған ер азамат өртеніп жатқан үйге кіріп кеткен - Қазақстан жаңалықтары

Екеуі де қаза болды: Алматыда әйелін құтқармақшы болған ер азамат өртеніп жатқан үйге кіріп кеткен - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда үй өртеніп, жеті жастағы қыз бала ата-анасынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Оқиға Медеу ауданында болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Үй есік болғандықтан, тілсіз жаудың қарқыны күшейе түскен. Отты сөндіруге сол маңдағы көршілерде де кіріскен. 

"Көршілер айқайлады. Далаға шықсам, үй өртеніп жатыр. Жалын бірден лаулап, бүкіл үйді алып кетті. Жан-жақтан жүгіріп келгенімізбен үйге кіру мүмкін болмады. Жігіттер ауладағы көлікті ғана сыртқа шығарып үлгерді", - дейді Людмила Шарифулина.

Өрт ерлі-зайыптылардың өмірін қиған. Қазір олардың артында зар жылаған қыз қалыпты. Қазір жеткіншекті әжесі өз қамқорлығына алыпты. 

Куәгерлердің сөзінше, қызды оның әкесі отқа оранған үйден сыртқа шығарыпты.   

"Әкесі қызын далаға алып шыққан. Баланы көршілерге тастап әйелін құтқаруға қайта кіріпті. Содан екеуі де уланып қалған. Баланы әжесі үйіне алып кетті. Одан басқа жақыны жоқ", - дейді марқұмның құрбысы Марина Ващенок.

Үй түк қалмай жанып кеткен соң тексеру жұмыстары да көпке созылуы мүмкін көрінеді. 

Айта кетерлік жайт,  2019 жылы бірінші қараша айында үй иесіне өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілген екен. Қазір жалынның неден тұтанғаны әлі анықталмапты. 


stan.kz
Автор
Айбар