Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Екеуі де бір еркекпен қарым-қатынаста болған»: Павлодарда екі әйел төбелесіп қалды

«Екеуі де бір еркекпен қарым-қатынаста болған»: Павлодарда екі әйел төбелесіп қалды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті

Павлодардағы сұлулық салондарының бірінде екі әйелдің арасындағы жанжал бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды Kznews.kz

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында Павлодарда соңғы бірнеше күн бойы екі әйел арасындағы төбелес қызу талқыланып жатқанын жазды. Айтуынша, «екі әйел де кезінде бір ер адаммен қарым-қатынаста болған» делінеді.

«Сірә, сол себепті олардың арасында жеке келіспеушілік туындаған. Сол күні олар сұлулық салонында кездесіп, алдымен сөзге келіп, артынша біреуі екіншісін соққыға жыққан», – делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жанжалға байланысты дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қақтығысқа қатысқан әйелдер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – деп мәлімдеді департамент.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.