Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Егер маған импичмент жариялайтын болса, халық көтеріліске шығады

Егер маған импичмент жариялайтын болса, халық көтеріліске шығады

АҚШ президенті Дональд Трамп: «Егер маған импичмент жариялайтын болса, халық көтеріліске шығады» - деп мәлімдеді.

Reuters ақпарат агенттігінің мәліметінше, желтоқсан айының 12-і күні Дональд Трамп өзінің жүргізіп отырған саясаты мен президентке қойылатын импичментке қатысты пікір білдірген.

«Дұрыс емес дүние жасамай-ақ әлемдегі ең ұлы экономиканы қалпына келтіріп жатқан саясаткерді орнынан алып тастау оңай емес. Мен бұл жөнінде алаңдамаймын да. Егер сондай жағдай болатын болса, халық көтеріліске шығады» - деп мәлімдеді Трамп.

Бұған дейін БАҚ беттерінде «Егер Демократтар Конгресті өз бақылауына алатын болса, Трампқа импичмент жариялауы мүмкін. Тармп импичменттен қорқады» - деген ақпарат тараған. Кейіннен Трамптың заңгерлермен импичмент мәселесіне қатысты кездесулер өткізгендігі жөнінде айтылған.

"The Qazaq Times"

Автор
Әлихан