Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ЕАЭО электронды темекіге қатысты бірыңғай талап енгізеді

ЕАЭО электронды темекіге қатысты бірыңғай талап енгізеді

Экономика

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Еуразиялық экономикалық комиссия құрамында никотин бар өнімдерді бақылауға алу туралы шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ аумағында құрамында никотин және никотин жеткізуге жүйесіне арналған сұйықтық бар өнімдерге қатысты бірыңғай талап енгізіледі. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта ЕАЭО-ға мүше бірде-бір елде мұндай талап жоқ. Бұл азаматтардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. 

Сондықтан Еуразиялық экономикалық комиссия өнімдердің бірыңғай тізіміне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады.

"Қазіргі уақытта нарықта құрамында никотин бар түрлі өнімдер көбейіп келеді. Бұл одақ аясында реттелмейді. Вейп, қыздырылатын темекі сынды түрлері бар. Қабылданған шешім бірыңғай техникалық регламент жасауға негіз болады", - деді сауда және интеграция вице-министрі Жәнель Көшікова.


sputniknews.kz
Автор
Данияр