KZNews.kz
Спорт

Дзюдодан жастар арасындағы чемпионат өтіп жатыр

KZNEWS

Атырауда дзюдодан жастар арасындағы чемпионат басталды. 

Жарысқа 1999-2001 жылдары туған жастар қатысуда.  Жайық жағасындағы додаға еліміздің барлық өңірлерінен 500-ге жуық спортшы жиналды. 

Айта кетейік,  дзюдодан республикалық чемпионат 5 наурызға дейін созылады. Жарыс қорытындысы бойынша дзюдодан Қазақстан Республикасының құрамасы жасақталады. Жарыс Жастар жылына және жас қазақстандықтар арасында спортты насихаттауға арналған.


Дереккөз: prosports.kz/kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары