«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы 24 жасында қайтыс болды - Қазақстан жаңалықтары

Дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы 24 жасында қайтыс болды - Қазақстан жаңалықтары

Дзюдодан Қазақстанның ұлттық командасының мүшесі Аэлита Щербакова өмірден озды, деп хабарлайды Stan.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, спортшы 11 сәуірде қайтыс болған. Ол 24 жаста еді.

«Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті еліміздегі барлық спорттық қоғамдастық атынан талантты спортшының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Бұл біздің спортымыз үшін орны толмас қайғы. Мұндай қиын сәтте біз сіздермен біргеміз», - дейді Ұлттық олимпиада комитетіндегілер. 

Спортшының өлімінің мән-жайы айтылмады.

Аэлита Щербакова 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстанның екі дүркін чемпионы, әлемдік гран-при кезеңінің қола жүлдегері (Ташкент, 2017), Азия кубогінің күміс жүлдегері (Ақтау, 2018).
 


stan.kz
Автор
Арман