«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Джеки Чан домбыраға қосылып қытайша ән айтты

Джеки Чан домбыраға қосылып қытайша ән айтты

Әлемге танымал актер, каскадёр, кинорежиссер Джеки Чан Қытайдың «Нағыз қаһармандар» атты әнін Шыңжаңның көрікті жайлауында домбыраға қосылып шырқады, деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

«Бұл әнді әртүрлі концерттерде тыңдап жүрген шығарсыздар. Бірақ домбыраның сүйемелдеуімен ешкім естімеген болуы керек. Бүгін мен сіздерге «Нағыз қаһармандарды» домбырамен айтып берейін», - дейді Джеки Чан.

Бұл бейнежазба қай жерде, қашан түсірілгені белгісіз. Дегенмен, жақында ғана Джеки Чан Шыңжаңның Қытай мемлекеті «Тұлпар мекені» деп таныған Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында «Тұлпар» халықаралық туризм мерекесіне келіп, сонда өнер көрсеткен болатын. Қытайлық актердің домбырамен айтқан бұл әні осы туристік фестивальға келген кезде орындалған болуы мүмкін.

Айта кетейік, 16 шілдеде 2023 жылғы «Тұлпар мекені» халықаралық туристік фестивалі Шыңжаңның Іле қазақ автономиялы облысы Моңғолкүре ауданының «Тұлпар мекені» мәдени туристік саябағында ашылған болатын. Биылғы фестивальдің ашылу салтанатына Джеки Чан, Чжан Йисин, Гули Нажа сынды қытайлық актерлер қатысты. Джеки Чан 56 этнос өкілдерімен бірге «Ұлт» әнін орындаса, көрермендермен бірге «Туған жерді жырлаймыз» әнін шырқаған еді.

Автор
Айбар