Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Джек Ма Қазақстанға гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді - Қазақстан жаңалықтары

Джек Ма Қазақстанға гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді - Қазақстан жаңалықтары

Алматыға Джек Ма және Alibaba Group қорларының гуманитарлық көмегінің екінші партиясы жеткізілді. Көмек ретінде 50 016 дана тест-жүйе және 30 дана өкпені жасанды желдету аппараттары бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Гуманитарлық жүкті бірыңғай дистрибьютор – "СК-Фармация" ЖШС одан әрі медициналық мекемелер арасында бөлу үшін қабылдап алды.

Өз кезегінде елдің сыртқы істер министрлігі Қазақстан үкіметінің атынан Джек Ма мен "Alibaba Group" қорларына COVID-19-мен күресте елеулі көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 10 сәуірінде қытайлық кәсіпкер біздің елімізге 4,5 тоннадан астам медициналық қорғау құралдарын (медициналық маскалар, қорғаныс костюмдері, медициналық қолғаптар, байланыссыз термометрлер) жіберген.

Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесмен Джек Маға алғысын білдірді.
 


stan.kz
Автор
Данияр