Әзербайжан диаспорасы әскери қызметшілерді іздеп жатқандарға алғашқылардың бірі болып көмекке келді
RU KZ
Жалпыұлттық аза тұту күні

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы: қыздар құрамасы екінші мәрте жеңіске жетті

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы: қыздар құрамасы екінші мәрте жеңіске жетті

Қазақстанның шахматшы қыздар құрамасы Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан олимпиадада осымен екінші мәрте жеңіске жетті, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұның алдында Гватемаламен ойнап, 4-0 есебімен жеңген.

Екінші раундта қазақ шахматшы қыздары 3-1 есебімен Бельгиядан басым түсті. Бұл жеңісті Бибісара Асаубаева мен Назерке Нұрғали әкелді, ал Жансая Әбдімәлік пен Ксения Балабаева өз матчын тең аяқтады.

Ерлер құрамасы Тәжікстаннан жеңіліп қалды, есеп - 1,5-2,5. Командадағы жалғыз жеңіске Қазыбек Нөгербек қол жеткізді. Арыстанбек Оразаев тең түсті, ал Әлішер Сүлейменов пен Мұртас Қажығалиев қарсыласынан ұтылды.

Автор
Айбар