"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дубайда 80-ге жуық қазақстандықты ұшаққа отырғызбай қойды - Қазақстан жаңалықтары

Дубайда 80-ге жуық қазақстандықты ұшаққа отырғызбай қойды - Қазақстан жаңалықтары

Сексенге жуық қазақстандық Дубайдан Шымкентке ұша алмай қалды. Оларды белгісіз себептермен рейстен алып тастаған.

 

Бұл туралы Otyrar.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Ұшуға 5-10 минут қалғанда ұшқыш шымкенттік әуежайдың біздің бортты қабылдаудан бас тартқанын айтты. Осылайша, бізді ұшақтан түсіріп тастады. Артынша бізді 6-7 сағат әуежайда ұстады. Ал біз отырған ұшақ тек жартылай толы болған еді», - дейді жолаушылардың бірі Жандәулет Тілеубердиев.

Мұнан кейін қазақстандықтарды мейманханаларға жіберген. Ер адамның сөзінше, туроператорлар жолаушыларға оларды Қазақстанға емес, көршілес елдерге жіберетінін айтыпты. 

«Бізді жақын орналасқан Қырғызстан, Өзбекстан тәрізді елдерге жіберетінін айтты. Ал әрі қарай өздерінің мәселесі емес. Адамдар өздері жетуі тиіс», - дейді ер адам. 

Ал СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Дубайдағы қазақстандық елшілер аталған мәселені айрықша бақылауға алған. 

«Қазіргі уақытта ешқандай шағым жоқ. Fly Dubai әуе компаниясының мәліметінше, жолаушылардың барлығы қонақ үйлерге орналастырылған және тамақпен қамтамасыз етілген. Әуе компаниясы Алматы, Бішкек және Тараз арқылы ұшатын баламаны ұсынуды жоспарлап отыр. Жолаушылардың барлығы ертең немесе бүрсігүні Қазақстанға ұшып шығады деп болжануда», - дейді Айбек Смадияров.
 


stan.kz
Автор
Бауыржан