“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ДСМ дәрігерлері жаппай коронавирус жұқтырған аурухананың ісін бас прокуратураға жіберді - Қазақстан жаңалықтары

ДСМ дәрігерлері жаппай коронавирус жұқтырған аурухананың ісін бас прокуратураға жіберді - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда коронавирусты жұқтырғандар санының кезекті күрт өсуі тіркелді. Оның ішінде орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері арасында коронавирустың таралуы әлі де өршіп тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Соңғы тәулікте тағы 145 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Оның 127-і - медицина қызметкерлері.

Ауру дәрігерлер саны бойынша Алматы әлі де республикада көш бастап тұр. Соңғы 24 сағат ішінде қалалық паллиативті көмек орталығында 11 адамнан Covid-19 анықталды. 

Ал Алматының орталық қалалық клиникалық ауруханасында медицина қызметкерлерінің 300-ге жуық жұқтыру жағдайы тіркелді. Қазіргі таңда, дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтырғаны анықталған осы мекемеге қатысты эпидемиологиялық тексеру аяқталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары тексеру материалдарын Бас прокуратураға жіберді. 

Айта кетейік, бүгінде қаланың стационарларында коронавирус жұқтырған 600-ге жуық пациент ем алып жатыр. Олардың үштен бірінің денсаулығы - ауырлығы орташа жағдайда.


stan.kz
Автор
Айбар