Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Досаев Рымбаеваның концертіне 111 млн теңге бөлмек

Досаев Рымбаеваның концертіне 111 млн теңге бөлмек

Алматы әкімдігі Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның мерейтойлық концертіне 111 млн теңге бөлмек, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Ulysmedia.kzсайтына сілтеме жасап.


Бұл туралы Facebook желісінде Ерлан Нұрпейісов есімді азамат жазды. Оның сөзінше, Алматы әкімдігінің мәдениет басқармасы бойынша осы жылға арналған бюджет жобасында Роза Рымбаеваның есеп беру кешіне 111 млн теңге бөлу көзделген.

“Билеттер әдеттегідей сатылымға шығарылып, әкімдік жарнама және концерт өтетін орынды тегін ұсынып, неге коммерциялық кеш өткізілмейді? Егер әкімдік халықтың қаржысымен концерттің барлық шығынын жапқысы келсе, ашық тендер өткізіледі деп үміттенемін, өйткені тек дыбыс пен жарықтың өзіне 46 млн теңге жұмсалмақшы”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ, кешті жарнамалау үшін 17 млн теңге жұмсау жоспарланып отыр.
“Егер әкімдік барлық шығынды көтеретін болса, жарнамаға неліктен мұнша қаржы жұмсалуы керек? Коммерциялық инвестициялар болмаса, кіріс күтудің де қажеті жоқ па? Әлде билеттер сатылымға шығарыла ма? Егер сатылатын болса, түскен ақша кімнің қалтасына түседі?”, – деп таңырқайды жазба иесі.

Автор
Айбар