KZNews.kz
Спорт

Допты хоккейден ӘЧ: Қазақстан жартылай финалда

KZNEWS

Допты хоккейден әлем чемпионатының төрттік финалдық кездесуі аясында Қазақстан мен Норвегия құрамалары бақ сынасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Венерсборгте (Швеция) өткен ойында қазақстандық спортшылар қарсыластарын сенімді түрде жеңді – 4:1.

Есепті алғаш боп норвегтер ашты. 27 минутта Феликс Калландер Вячеслав Горчаковтың қақпасына шгол соқты. Бірінші таймның соңында қазақстандық Рауан Исалиева есепті теңестірді. 64-ші минутта  Исалиев дубль жасаса, Евгений Шадрин (84-ші) мен Искандер Нұгманова (89-шы) бір-бір голдан соғып, ойынды аяқтады.  

Ертең жартылай финалда жерлестеріміз Швеция құрамасымын ойнайды.


prosports.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары