Наурыз тойлап жүрген 80-ге жуық бала жоғалып кеткен
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дональд Трамп Иранмен уақытша соғысты тоқтатқанын мәлімдеді

Дональд Трамп Иранмен уақытша соғысты тоқтатқанын мәлімдеді
© AP Photo / Mark Schiefelbein

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен бес күндік бітім жариялап, уақытша соғысты тоқтата тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, ол елдің энергетикалық нысандарына, соның ішінде электр станцияларына соққы жасауды уақытша кейінге қалдыру туралы тапсырма берген. Бұл жөнінде Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Президент соңғы екі күн ішінде тараптар арасында Таяу Шығыстағы әскери қақтығысты толық реттеуге бағытталған «өте жақсы әрі нәтижелі келіссөздер» өткенін атап өтті.

Трамптың бұл мәлімдемесінен кейін әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт төмендей бастады.

Еске сала кетейік, 21 наурыз күні Дональд Трамп, егер Ормуз бұғазы арқылы еркін кеме қатынасы қамтамасыз етілмесе, АҚШ алдағы 48 сағат ішінде Иранның энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасауы мүмкін екенін ескерткен еді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.