Суы азайған Сыр, мұнайы сарқылған Құмкөл: Қызылорданың келешегі неде?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады

Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: ашық дереккөз

Полиция балаға күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

Әлеуметтік желіде бір қолына домбыра ұстап, екінші қолымен баланы ұрып жатқан ер адамның видеосы тарады. Видеоны жариялағандар оны «Қордайдың мұғалімі» деп атаған. Сондай-ақ роликте көпшілік алдында кешірім сұраған сәті де бар, деп хабарлайды kznews.kz

Жамбыл облысының полиция департаменті ақпаратты растады.

«Осы факті бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді департамент.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

«Істің мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деді құқық қорғау органдары.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.