KZNews.kz
Шоу-бизнес

Доллар бағамы сауда-саттық қорытындысы бойынша төмендеді - Қазақстан жаңалықтары

KZNEWS

Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттық қортындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы арзандады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Таңертеңгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар 2,09 теңгеге түсіп, 1 доллар - 397,44 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа курсы 1 доллар - 398,06 теңге, сату бағасы - 399,67 теңге.

Нұр-Сұлтан қаласында сәйкесінше 397,94 және 399,11 теңге. Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми курсында 1 доллар – 399,67 теңге.
 


stan.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары