НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстанның астанасына келді. Мұнда ол ел басшылығымен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар мәселелерін талқылайды.
6 наурызда Дмитрий Медведев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстанның тұңғыш президенті, елдің Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарлануда. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовпен кездеседі. Бұл туралы РИА Новости РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының хатшылығына сілтеме жасай отырып хабарлады.
© Sputnik / Екатерина Штукина
Ресей Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведевтің Қазақстанға жұмыс сапары
"Жұмыс кездесулері барысында Медведев Ресей-Қазақстан қатынастарын, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды", - деп атап өтті ведомство.