Ресейдің құрылыс нарығы құлдырады: Қазақстанға қандай әсері бар?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дипломын жыртқан түлек қамауға алынды

Дипломын жыртқан түлек қамауға алынды

Дипломын көпшілік алдында жыртқандай болған түлек 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желіде диплом табыстау рәсімінде жас жігіттің жаңа ғана алған дипломын көпшіліктің көзінше жыртып, оған күліп тұрған сәті түсірілген видео кеңінен тараған болатын. Оқиға қоғамда қызу талқыланып, түрлі пікір туғызды.

Кейін түлек арнайы видеоүндеу жариялап, шынайы дипломды емес, алдын ала дайындалған мұқабаның көшірмесін пайдаланғанын айтып, жұртшылықтан кешірім сұрады.

Соған қарамастан, аталған оқиға бойынша тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде жас жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.