Талғар ауданының тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дипломын ала сала жыртып тастаған алматылық түлек көпшіліктен кешірім сұрады

Дипломын ала сала жыртып тастаған алматылық түлек көпшіліктен кешірім сұрады
фото: ашық дереккөз

Дипломын ала сала жыртып тастаған алматылық түлек үндеу жариялап, көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Күні кеше колледж түлегі диплом тапсыру рәсімінде түсірілген видеодан кейін көпшіліктің сынына қалған еді. Әлеуметтік желіде тараған кадрда жас жігіт дипломды ала сала жұрт көзінше жыртып тастаған.

Бұл әрекет желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Көпшілік мұны ұстаздарға, білім ордасына және жалпы білімнің құндылығына құрметсіздік деп бағалады.

Ал бүгін, түлек – Дәулет Әбдірахман арнайы видеоүндеу жариялап, болған жағдайға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, ол нағыз дипломды жыртпаған. Видео үшін алдын ала көк түсті қағаз дайындап, сол қағазды ғана жыртқанын айтты.

Жас жігіт бұл әрекетімен ешкімді ренжітуді, ұстаздардың еңбегін жоққа шығаруды немесе білімнің қадірін түсіруді мақсат етпегенін жеткізді. Сондай-ақ мұндай қылығы қоғам тарапынан осындай теріс реакция тудырады деп ойламағанын мойындады.

Түлек ұстаздардан, білім беру ұйымдарының ұжымдарынан және көпшіліктен кешірім сұрады. Ол алдағы уақытта мұндай әрекетке жол бермейтінін айтып, болған жағдайдан сабақ алғанын жеткізді.

“Әлеуметтік желідегі тараған видеолар үшін мұғалімдерден, білім беру ұйымдастырының ұжымынан кешірім сұраймын. Дипломның түпнұсқасы жыртылған жоқ. Бұл әрекетіммен ешкімді қорлағым келмеді. Қоғамда теріс пікір тудырады деп ойлаған жоқпын. Осы қателігім үшін кешірім сұраймын және болашақта қайталанбайды”, – деді түлек.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.