ка

Димаштың атын естігендегі шетелдіктердің эмоциясы видеоға түсірілді

08.01.2024 13:46
0
6
Отандасымыз Димаштың атын естігендегі шетелдіктердің реакциясы видеоға түсірілді. Қазақстаннан тыс жерде түсірілген видео Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын бүкіл әлем жоғары бағалайтынын тағы да айғақтап отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz. Жақында желіде пайда болған видеода француздардың Димаш есімін естіген кездегі эмоциясын көруге болады.
”Димаш - қазақстандықтардың визит карточкасына айналды", "Қазақстанның туын қалтасына қалай ұқыпты салды","Димаштың атын естігенде барлығы Қазақстанды таниды екен. Қандай керемет!", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Ұлттық зергерлік бұйымдар жасайтын компания өкілі Жарқынбек Тұқбиұлының сөзінше, олар 2023 жылғы 15-24 желтоқсан аралығында Қазақстанның атынан Париждегі ұлттық қолөнер жәрмеңкесіне қатысқан.
"Бұл жәрмеңкеде француздармен қоса, басқа да еуропалықтар қазақтың ұлттық өнеріне үлкен қызығушылық танытты. Біз Димаш Құдайбергеннің елі - Қазақстаннан келдік деп айттық. Француздар қатты таңғалды. Бізден бұйымдар сатып алып, құрмет көрсетті. Содан кейін Димаштың орындауындағы "Адай" күйін қосып, шетелдіктердің реакциясын түсірдік", - деді ролик авторы.
Жарқынбек осылайша қазақ мәдениетін шетелде танымал етуге, оның бірегейлігін көрсетуге және әлем елдері үшін тартымдылығын арттыруға болатынын атап өтті. фото: tengritravel.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий