KZNews.kz
Шоу-бизнес

Димаш Құдайбергеннің әні америкалық чарттарда топ жарды

KZNEWS

Dimashnews сайтының мәліметінше, 30 қаңтарда "Smoke" әні iTunes Top 100 рейтингінде ортада болып, 32-ші орынға жетті. Amazon-да "Best Sellers in Songs" санатында бұл ән үздік ондыққа кірді. Ал "Best Sellers in Pop" категориясында ән рейтингте бірінші орын алды.

"Smoke" әні 2024 жылдың 26 ​​сәуірінде шыққан. Шығарманың композиторы – Димаштың өзі, мәтіннің авторлары – Кэндис Келли мен Дмитро Гордон.

фото: Димаш Құдайбергеннің желідегі парақшасынан

KZNEWS
Автордың басқа материалдары