"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Құдайбергеннің әндері: алғашқы альбомы қашан шығады

Димаш Құдайбергеннің әндері: алғашқы альбомы қашан шығады

Димаш Құдайбергеннің алғашқы альбомы биыл жазда тыңдармандарына жол тартады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген алғашқы альбомы қашан шығатынын хабарлады.

"Туған күнімнің құрметіне алғашқы жеке альбомым шығатын күнді жариялаймын. 14.06.2019", - деп әнші Instagram парақшасында жазды.

Альбомның атауы әзірге белгісіз.

Айта кетсек, бүгін танымал әнші туған күнін атап өтіп жатыр – ол 25-ке толды.

Димаштың туған күні және алған сыйлықтары

Димаш Құдайбергеннің фанаттары сүйікті әншісін туған күнінде неше түрлі сыйлықпен таңғалдырып жатады. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қытайдағы жанкүйері Димаштың портретін моншақпен салып, сыйға тартқан.

Сондай-ақ, туған күніне орай фанаттары Алматының LED экрандарындағы ролик арқылы құттықтауын жеткізді.

2017 жылы қарашада Димаш Alibaba Group компаниясының құрылтайшысы Джек Маның қолынан сый-сияпат алды. Бірақ қандай сыйлық екені белгісіз.

Нұр-Сұлтандағы жеке концерті

Қазір Димаш Нұр-Сұлтанда 29 маусымда өтетін жеке концертіне дайындалып жатыр.

Бұдан бұрын ол "Арнау" шоуының проморолигін жариялаған болатын.

Көптен күткен кеш "Астана Арена" стадионында Елорда күніне орай өтеді.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан