“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Құдайберген Кремльде жаңа әннің тұсауын кесті – видео

Димаш Құдайберген Кремльде жаңа әннің тұсауын кесті – видео

"Your Love" әнінің сөзін канадалық әнші Лара Фабиан, ал музыкасын белгілі ресейлік композитор Игорь Крутой жазды

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген жаңа әнінің тұсауын кесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Your Love" (Сенің махаббатың) әнінің тұсаукесері Мәскеуде Кремль сарайында өтті. Жаңа әннің сөзін канадалық әнші Лара Фабиан, ал музыкасын белгілі ресейлік композитор Игорь Крутой жазды.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=a0yO7Sy9IcY[/embed]

Жаңа ән Димаштың YouTube-каналында жарияланды. Сегіз сағат ішінде видеоны 210 мың рет көріп, астына 6 700 пікір жазылған.

Димаш Кремль сахнасында ресейлік композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Сонымен қатар бұл кеште әнші "Passione" шығармасын орындады.

"Көптен күткен әннің тұсаукесерін ұсынамыз. Димаш екеуіміздің туындымыз сегізінші наурызға бүкіл әйелге жасаған музыкалық сыйлығымыз болсын. Мұны игі дәстүрге айналдырып, мерекеге орай сіздерді жаңа әнмен қуантуға тырысамыз", - деп жазды Игорь Крутой Instagram парақшасында.

Кремльде өткен концерт тоғызыншы наурызда сағат 23.20-да "Россия 1" арнасында көрсетіледі.


sputniknews.kz
Автор
Данияр