«Әділет» съезінде тарихи шешім қабылданды: Amanat партиясын қосу мақұлданды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Құдайберген мектебіне барып, ұстаздарымен кездесті

Димаш Құдайберген мектебіне барып, ұстаздарымен кездесті
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның танымал әншісі Димаш Құдайберген өзі білім алған Ақтөбедегі №32 мектеп-гимназияға арнайы барып, ұстаздарымен кездесті. Өнер иесі балалық шағы өткен білім ордасына деген сағынышын білдіріп, әсерлі сәттермен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Әнші кездесуден кейін әлеуметтік желідегі парақшасында мектеп пен мұғалімдердің адам өміріндегі ерекше орны туралы жазба жариялады.

«Мектеп – балалық шақтың ең жарқын естеліктері сақталған мекен. Ал ұстаздар – сол кезеңнің бағыт-бағдарын айқындаған жандар. Бүгін өзім оқыған мектепке барып, білім мен тәрбие берген мұғалімдеріммен жүздестім. Уақыт өтеді, адам есейеді, бірақ мектепке деген сағыныш пен ұстаздарға деген құрмет ешқашан жоғалмайды», – деп жазды әнші.

Димаштың айтуынша, алғашқы ұстаздардың еңбегі мен берген тәлімі адам өмірінде әрдайым маңызды орын алады. Сондықтан ол ұстаздарымен кездесуді ерекше әсерге толы сәт ретінде бағалаған.

Айта кетейік, бұған дейін әнші жанкүйерлеріне тағы бір жаңалығын жеткізген болатын. Оның сөзінше, жақын уақытта Ақтөбе қаласында жаңа бейнебаян түсіру жоспарланып отыр. Бұл жаңалық өнерсүйер қауымның қызығушылығын тудырып, жаңа туындыны асыға күтуге себеп болды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.