Танымал

Димаш Құдайберген Қазақстанда түсірілетін халықаралық музыкалық жобаны продюсерлік етеді

Димаш Құдайберген Қазақстанда түсірілетін халықаралық музыкалық жобаны продюсерлік етеді
Фото: Александр Павский / Kazinform

Әншінің айтуынша, ол Hunan TV медиахолдингі мен бас менеджер Цай Хуайцзюньмен ресми келісімге қол қойған. Жобаға әлемнің түкпір-түкпірінен келген вокалистер қатыспақ.

Түсірілімдер Қазақстанның төрт өңірінде өтеді. Көрермендер әншілердің өнерін ғана емес, қазақ жерінің табиғи сұлулығы мен бай мәдениетін де тамашалай алады.

«Шоу бүкіл әлемге көрсетіліп, жаңа дауыстарды таныстырып қана қоймай, Қазақстанның ерекше мәдениетін миллиондаған көрерменге паш етпек», – деп жазды Димаш.

Әртіс Hunan TV-мен әріптестігі осыдан шамамен он жыл бұрын, ол әйгілі «Мен – әншімін» жобасына қатысқан кезде басталғанын еске алды. Енді ол арнаға мүлде жаңа қырынан – продюсер әрі жобаның авторы ретінде қайта оралмақ.

Димаштың айтуынша, бұл бастама мәдени байланыстарды нығайтып, музыканың күші арқылы халықтарды жақындастыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz