Саясат

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымының (МОМ) жаһандық ізгі ниет елшісі болып тағайындалды

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымының (МОМ) жаһандық ізгі ниет елшісі болып тағайындалды

8 желтоқсанда Женевада өткен Кеңестің жыл сайынғы сессиясында БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы (МОМ) қазақстандық әнші және гуманитарлық қайраткер Димаш Құдайбергенді жаһандық ізгі ниет елшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл – әртістің МОМ жүйесіндегі екінші маңызды мәртебесі. Айта кетейік, 2024 жылы Димаш ұйымның өңірлік ізгі ниет елшісі болған еді. Сол уақыттан бері ол гуманитарлық бастамаларға белсенді түрде қатысып, көші-қон, адам саудасы, осал топтарды қорғау мәселелерін көтеріп келеді.

Әртістің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Димаш «Stranger» атты әлемдік туры барысында Нью-Йорк, Мехико, Барселона, Лондон және Берлин қалаларындағы тыңдармандар алдында инклюзивтілік пен тұрақтылық құндылықтарын насихаттап, көрермендерді МОМ-ның гуманитарлық жұмысына қолдау көрсетуге үндеген.

МОМ бас директоры Эми Поуп Құдайбергеннің елшілікке тағайындалуын жоғары бағалап, былай деді:

«Димаш өз дауысын тек тыңдарманның жүрегін елжірету үшін ғана емес, сонымен қатар дағдарыстан зардап шеккен адамдардың үнін естірту, олардың мәдени ерекшеліктерін көрсету үшін де пайдаланып жүр».

Ал Димаш Құдайберген жаңа миссияға қатысты өз пікірін жеткізді:

«МОМ-мен жұмыс істеу — менің өмірім мен мансабымдағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Әрбір науқан мен әрбір бастамада ұйымның белгісіздікке, көшуге және түрлі қиындықтарға тап болған адамдарға қалай қолдау көрсететінін өз көзіммен көрдім. Жаһандық ізгі ниет елшісі атағын алу – зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Бұл міндетті үлкен қарапайымдылықпен қабылдаймын. Мигранттардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз көші-қонды насихаттау, инклюзивтілік пен тұрақтылық идеяларын ілгерілету бағытындағы жұмыстарымды жалғастырамын. Сондай-ақ ұйымның төтенше жағдайларға әрекет ету және қаражат жинау бойынша күш-жігерін қолдауды тоқтатпаймын», – деді ол.

Димаштың бұл мәртебесі оның халықаралық гуманитарлық

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz