ҚТЖ топ-менеджерлері былтыр 1,036 млрд теңге сыйақы алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Депутат Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға көлік тарту етті

Депутат Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға көлік тарту етті
Фото: smartnews.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға автокөлік тарту етті. Бұл оқиға Абай облысы Қалбатау ауылында өткен ашық аспан астындағы гала-концерт барысында орын алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Кеште Роза Рымбаевамен бірге Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya өнер көрсетті. Әлеуметтік желіде тараған видеода депутаттың сахнада әншіге көлік кілтін табыстаған сәті бейнеленген.

Еске салсақ, бұған дейін Роза Рымбаева сахнадан уақытында кетудің маңызы туралы айтып, жас ұлғайған сайын денсаулыққа байланысты бұрынғы деңгейде өнер көрсету қиындайтынын жеткізген еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.