«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы ақпаратты бөлісті

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы ақпаратты бөлісті

Алматыда тағы бір адамда коронавирус анықталып, 18 адамға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады

НҰР-СҰУЛТАН, 18 наурыз — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі елде тағы бір адамда коронавирус анықталғанын хабарлады.

"Алматыда тағы бір адамның корнавирус жұқтырғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта елде 36 адамда анықталып отыр. Алматыда -18, астанада - 18 адам", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Коронавирус эпидемиясы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 30 тәулікке жалғасады.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның басқа өңірлеріне коронавирустың таралуына жол бермеу үшін осындай шешім шығарды.

Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасында көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блок-посттар орнатады. Нұр-Сұлтан мен Алматыға осы қалаларда тіркелген азаматтар ғана кіре алады.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан