Қаржы

Денсаулық сақтау министрі Қазақстандықтарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрі Қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: primeminister.kz

Бас прокуратураның талабы бойынша еліміздегі 622 стоматологияда жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, жекеменшік клиникаларда балаларға жалпы наркозбен бірнеше тісті бір мезетте емдеуфактілеріне байланысты шағымдар көбейген. Әрине, мұндай процедура тек қатаң медициналық көрсетілім бойынша, білікті анестезиологтың қатысуымен және қажетті жабдықтар болған жағдайда ғана жасалуы тиіс.

Тексерулердің ішінде 290-ы тіркелген, оның 135-і аяқталған, 103-і жалғасуда, ал 52 клиника іс жүзінде жұмыс істемегендіктен тізімнен алынған. Прокуратура жолдаған 316 нысанның 34-і – МӘМС/ТМККК аясында, 282-сі – ақылы негізде қызмет көрсетеді.

Әлназарова ата-аналарды сақ болуға шақырып, жалпы анестезияның “ыңғайлы нұсқа” емес, күрделі әрі тәуекелі жоғары процедура екенін ескертті. Оның сөзінше, кей клиникалар коммерциялық мақсатпен “барлық тісті бір ретте емдеу” тәсілін ұсынса да, ол тек нақты медициналық көрсеткіштер болғанда ғана орынды.

“Баланың қауіпсіздігі бірінші орында. Министрлік осы қағидатты қатаң сақтайды”, – деді министр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz