Жұманғарин әкімдерге наурыздың соңына дейін көкөністерді түгел сатуды тапсырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептерге қатысты дауға жауап берді

Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептерге қатысты дауға жауап берді
parlam.kz. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептерге қатысты әлеуметтік желілерде туындаған пікірталасқа түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің мәлімдеуінше, тексеру жұмыстары меншік нысанына қарамастан жүргізіледі. Яғни талаптар мемлекеттік мектептерге де, жекеменшік білім беру ұйымдарына да бірдей қолданылады.

"Әлеуметтік желілерде жекеменшік мектептерге қатысты сұрақтар көбейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң және тәртіп" қағидатын айқындады. Сондықтан министрлік заң талаптарын сақтайтын, сапалы әрі адал жұмыс істейтін мектептерді анықтауға басымдық береді", – деді Сүлейменова.

Министрдің айтуынша, 2023 жылы жекеменшік мектептер цифрландырудан өткен. Қазіргі уақытта бұл процесс мемлекеттік мектептерде де жүзеге асырылып жатыр. Тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда:

  • Қағаз жүзінде тіркелгенімен, іс жүзінде сабаққа қатыспаған оқушылар;
  • Оқу бағдарламасының толық орындалмауы;
  • Әскери дайындық және дене шынықтыру пәндерінің оқытылмауы;
  • Мектеп ретінде тіркелмеген, қойма немесе монша ғимараттарында жұмыс істеген білім беру ұйымдары;
  • Педагогтердің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.

Министрдің сөзінше, осындай талаптарды сақтамаған мектептер мемлекеттік тапсырыстан қағылады.

Ал материалдық-техникалық базасы талапқа сай, білікті мамандары бар және оқу бағдарламасын толық жүзеге асыратын жекеменшік мектептер қызметін жалғастыра береді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер